$502.47 €525.83 ₽5.68
×

Қарағандыда «Адал Азамат» жобасының жеңімпаздары анықталды

Қарағандыда «Адал Азамат» жобасының жеңімпаздары анықталды

Қарағандыда «Адал Азамат» жобасының жеңімпаздары анықталды. Өз кәсібінің мықты маманын анықтайтын байқауды облыстық ақсақалдар кеңесі ұйымдастырды. Ұйым өкілдері сайысқа қатысушылардың барлығы өз еңбек ұжымдарының лайықты өкілдері екенін атап өтті.

Кеншілер өңірі Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдық мерейтойын салтанатты шарамен бастады. «Адал азамат» жобасының жеңімпаздары 7 номинация бойынша марапатталып, сый-құрметке бөленді. Оларды қолдауға халық көп жиналды.

НҰРЛАН БИКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Біз әр саладан жұмысшылардың, қарапайым жұмысшылар, қарапайым қызметкерлер арасынан белсенділерді, жаңа технологияларды қолданып жатқан мидицина саласында, білім саласында, оның ішінде өндіріс саласында бізде жұмыс істеп жатқан біздің кейіпкердерді бүгін марапаттап өттік.

Мерекелік кеш одан әрі республикалық Ақсақалдар кеңесінің отырысына ұласты. Оған еліміздің барлық аймағынан белсенді ардагерлер жиналды. «Адал азамат» жобасын талқылаған ақсақалдар жастарды тәрбиелеу, ұлтаралық келісімді нығайту сынды мәселелерді көтерді.

ҚАЛҚАМАН ЖАҚЫП, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қазақстан халқы ассамблеясының биылғы Ақсақалдар кеңесінің республикалық үлгілік жоспарында көрсетілген «Адал азамат» жобасы төңірегіндегі ауқымды жұмыстарды атқару тұр.

Ақсақалдар кеңесі «Адал Азамат» жобасына жастарды ғана емес, аға буын өкілдерін де атсалысуға шақырады. Ең бастысы - жауапкершілікті сезініп, адамның еңбегі мен еліміздің мәдени мұрасын құрметтеу қажет екенін ескертті.