$502.47 €525.83 ₽5.68
×

Футболдан Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жеребесі тартылды

AstanaTV
21.02.2025ж. 22:36
108
Футболдан Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жеребесі тартылды

Футболдан Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жеребесі тартылды. Бұл ойындар 4-5 және 10-11 наурыз күндеріне белгіленген, - деп жазды KAZINFORM

Жарыстың аталған сатысында «Брюгге» (Бельгия) мен «Астон Вилла» (Англия), «Боруссия Дортмунд» (Германия) мен «Лилль» (Франция), «Реал Мадрид» (Испания) пен «Атлетико Мадрид» (Испания), «Бавария» (Германия) мен «Байер» (Германия), «Арсенал» (Англия) мен ПСВ (Нидерланд), «Интер» (Италия) мен «Фейеноорд» (Нидерланд), ПСЖ (Франция) мен «Ливерпуль» (Англия), «Бенфика» (Португалия) мен «Барселона» (Испания) ойнайды.

Ал 8-9, 15-16 сәуір күндері ширек, 29-30 сәуір, 6-7 мамырда жартылай финал өткізіледі.

Финал 31 мамырда Германияның Мюнхен қаласындағы «Альянц-арена» стадионында болады.