Қазақстанда көпқабатты тұрғын үйлерде 36 898 лифт бар. Бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісінің сауалына индустрия және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Лифтілердің 2 674-і – жарамсыз, 794-і – ауыстырылған. Лифтілердің саны (пайдалану мерзімі 25 жылдан асқан) – 5 066, сондай-ақ күрделі жөндеуді қажет ететін лифт саны – 2 331», - деп хабарлады ведомствоның ресми сауалына Қуандық Қажкенов.
Оның айтуынша, көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізу үшін өңірлерге республикалық бюджеттен 7 жылға 0,1 пайызбен бюджеттік несие беріледі.