$502.47 €525.83 ₽5.68
×

Дәретханадан шала туған нәрестенің мәйіті табылды

AstanaTV
21.02.2025ж. 23:47
131
Дәретханадан шала туған нәрестенің мәйіті табылды

Бішкекте шала туылған нәрестенің денесі дәретханадан табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

20 ақпанда сағат 9:57-де Бішкек полициясына Киевская көшесіндегі ғимараттардың біріндегі дәретханадан шала туылған нәрестенің денесі табылғаны туралы хабар түсті. Алдын ала мәліметтер бойынша, нәресте бес-алты айлық болған.

Жедел іздестіру шаралары барысында құқық қорғау органдары нәрестенің денесін тастап кеткен әйелдің жеке басын анықтады. Белгілі болғандай, ол – 25 жастағы жергілікті тұрғын. Қазіргі уақытта аталған әйел тергеу изоляторына қамалды.

Полицияның мәліметінше, оқиғаға қатысты тергеуге дейінгі тексеру жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалып, нәтижелеріне байланысты процестік шешім қабылданатын болады.