$502.47 €525.83 ₽5.68
×

Түркістан облысында егістік алқабынан адам сүйектері табылды

AstanaTV
22.02.2025ж. 07:30
72
Түркістан облысында егістік алқабынан адам сүйектері табылды

Түркістан облысында ауыл шаруашылығына арналған жерден адам сүйектері табылғаны туралы видео желіде тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға Отырар ауданындағы «Таң-Шолпан» өндірістік кооперативінің аумағында болған. Бейнежазбада көктемгі егістік жұмыстарына дайындық кезінде жер қазу барысында адам сүйектерінің табылғаны көрінеді.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, тексеру барысында жер бедерінің тегіс екені, бұрынғы зиратқа тән белгілер байқалмағаны анықталған. Жергілікті билік бұл жағдайға қатысты арнайы жұмыс тобы құрылғанын хабарлады.

«Діни ұйымдардың өкілдерінің айтуынша, шариғат бойынша жерленген адамның қабірін 40 жылдан кейін құрылыс жұмыстарына пайдалануға болады. Егер құрылыс кезінде адам сүйектері табылса, олар ақ матаға оралып, басқа жерге қайта жерленуі тиіс», — деп түсіндірді Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Әкімдік жер иесінің атынан бұл аумақта мұсылмандық жерлеу рәсімдері жүргізіліп, ескерткіш белгілер мен қоршаулар қойылғанын, сол арқылы барлық рәсімдердің толық аяқталғанын мәлімдеді.