$525.87 €614.37 ₽6.72
×

Астанада автобус бағанаға соғылып, жолаушылар жарақат алды

AstanaTV
22.02.2025ж. 10:12
350
Астанада автобус бағанаға соғылып, жолаушылар жарақат алды
Фото: Бейнежазбадан

Жол-көлік оқиғасы Астанадағы Бараев көшесінде болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.                

–  Бараев көшесімен Қабанбай батыр даңғылына қарай келе жатқан маршруттық автобустың жүргізушісі көлікті басқара алмай жол жиегінде тұрған бағанаға соғылған. Оқиға болған кезде автобуста 25-ке жуық жолаушы болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен бірнеше жолаушы жарақат алып, қажетті көмек көрсету үшін медициналық мекемеге жеткізілді, – деп хабарлады елордалық Полиция департаменті.

Полиция атап өткендей, тексеру жүргізіліп жатыр. Апаттың мән-жайы мен себебі анықталады.