«Майқайың» кен байыту комбинатында болған апатқа қатысты екі мемлекеттік қызметкерге үкім шықты.
Qazaqstan.tv арнасының мәліметінше, оларға өз міндеттеріне жүрдім-бардым қараған деген айып тағылған еді.
Атап айтқанда, облыстық өндірістік қауіпсіздікті қадағалау департаментінің бөлім басшысы 3 жылға, ал бас маман 2 жылға бас бостандығынан айырылды.