$502.47 €525.83 ₽5.68
×

Қытайда жарқанаттардан жаңа коронавирус анықталды

AstanaTV
22.02.2025ж. 18:20
117
Қытайда жарқанаттардан жаңа коронавирус анықталды
Фото: ©El.kz/Александр ПАВСКИЙ

Қытай вирусологтары коронавирустың жаңа түрін анықтады,-деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол Гонконгта жарқанаттардан табылған. Зерттеу Гуанчжоу зертханасында жүргізілді. Ғалымдардың айтуынша, коронавирус адам жасушаларын зақымдауы мүмкін. Алайда дабыл қағуға себеп жоқ.

Өйткені вирустың адамдар арасында тарау қаупі өте төмен. Мамандар жаңа штамды зерттеуді ары қарай жалғастыра бермек.