Ақтөбеде Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері құдыққа құлап кеткен 64 жастағы ер адамды құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға «Жаңақоныс-2» тұрғын алабында болған. 1960 жылы туған ер адам тереңдігі шамамен үш метр болатын ашық құдыққа түсіп кеткен. Ол өз күшімен шыға алмағандықтан, құтқарушылардың көмегіне жүгінген.
«Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары құдық ішіне саты орнатып, ер адамның жоғарыға көтерілуіне көмектесті. Құтқарылған тұрғын өз үйіне жеткізілді», – делінген министрлік хабарламасында.
Қауіпті жағдайдың алдын алу үшін құдықтың беті жабылды.