$502.47 €525.83 ₽5.68
×

Салық органдары блогерлерді қойып, енді интернет дүкендерге шүйлікті

AstanaTV
23.02.2025ж. 08:16
84
Салық органдары блогерлерді қойып, енді интернет дүкендерге шүйлікті
Фото: istockphoto.com

Бұл туралы салық сарапшысы Екатерина Ким хабарлады

Жалпыхалықтық декларацияны тапсыру 2024 жылдан бастап міндеттелгендіктен, оның айтуынша, интернет дүкендерді тексеру тек осы жылдан басталуы керек, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Әріптестер, мен қорыққан дүние алдымыздан шықты. Оқырмандары көп (20 мыңнан көп) интернет дүкендерге хабарламалар келді. Блогерлердегідей екінші деңгейлік банктер мен жеке кәсіпкердің жеке шоттарын тексеріп, декларация мәліметтері салыстырылып жатыр. Көңіл түсірерлік жағдай», – деді сарапшы.

Алайда декларация қабылдауды міндеттеу мерзіміне қатысты ерекшеліктер барын ескертті.

«Әзірге олар біздің жеке шоттарымыздағы 2022-2023 жылдар аралығындағы ақпаратты тексере алмайды, өйткені бүкілхалықтық декларация бізде 2024 жылдан басталды, сәйкесінше тексеріс былтырдан басталады. Оның өзінде тек салықтық тексеріс арқылы, жайдан-жай келіп, камералық бақылау арқылы тергей алмайды. Не болса да, хабарлама келсе, сотқа арыз не органға түсініктеме беруге болады. Түсініктемеде жеке шоттағы барлық сомалардың қайда кеткенін егжей-тегжейлі жазу керек», – деп түсіндірді маман.