Ақтөбеде 19 ақпанда жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілген әйел денесіндегі пышақ жарақаттарынан көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Диапазон» сайтының хабарлауынша, Денсаулық сақтау басқармасы науқасқа шұғыл түрде ота жасалғанын мәлімдеген. Алайда ол 20 ақпанда жарақаттардың салдарынан жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Ақтөбе қалалық полиция басқармасы адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істі тергеу аясында басқа мәліметтер жарияланбайды.