Мемлекеттік грантта оқыған қазақстандық түлектерге ақыны қайтару туралы жаппай хабарлама келіп жатыр, деп хабарлайды Astana TV.
Қаржы орталығы грантты үш жыл жұмыс істеп ақтамағандарға мемлекет алдында борышты екені туралы хабарламалар жіберіп жатыр. Тіпті, үш жылға бір екі-ай жетпей, жұмыстан шыққандарға да ақыны өндіруді талап етуде.
Өз грантын өтемеген түлектерден қарыз сомасы мәжбүрлі түрде өндіріледі. Егер сот оны кінәлі деп тапса, шоты бұғатталып, шетелге шығуға тыйым салынады. Ақша сіздің жалақыңыздан өндіріле бастайды.
Грантты өтеуден босату туралы құжат:
жүкті немесе үш жасқа дейінгі баласы бар ЖОО түлегіне;
I немесе II топтармен расталған физикалық мүмкіндіктері шектеулі жандарға,
күйеуі немесе әйелінің тұратын елді мекенінде жұмыс істейтін бос орындар болмаса, магистратураға, резидентураға немесе докторантураға грантқа түскен студенттерге беріледі.
Түлек әскери қызметте болған кезде бір жылға кейінге қалдырыда алады.