Қазақстандық танымал продюсер әрі актриса Баян Алагөзова 23 ақпан күні өзінің Instagram-дағы парақшасында қызы Айарумен бірге түскен суретін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Продюсер отбасымен бірге қазір Таиландта демалып жатыр.
Қызым, – деп жазды Алагөзова суреттің астына.
Ал бұл сурет желі жұлдызының оқырмандары арасында қызу талқыға түсті. Бірі Айару әкесінен аумай қалған деп санаса, енді бірі ол анасына қатты ұқсайтынын жазып жатыр.
«Өте сұлу, сізден де сұлу, кешірім өтінемін, бірақ ол сізге ұқсамайды екен, көбірек әкесіне ұқсайды», «Қызыңыз әкесінің көшірмесі! Сұлу», «Айару анасынан аумай қалған!», «Анасымен өте жақын екені көрініп тұр», - деп жазды көпшілік.