$502.47 €525.83 ₽5.68
×

Алматыда тағы бір қойма өртенді

AstanaTV
24.02.2025ж. 08:18
45
Алматыда тағы бір қойма өртенді
Фото: ҚР ТЖМ

Әуезов ауданы Төле би көшесінің бойындағы қойма өртенді, деп хабарлайды Astana TV.

Онда құтқарушылар жоғары дәрежемен жұмыс істеп жатыр.

Қазір өрт оқшауланды. Қызыл жалын 280 шаршы метр жерді шарпыған.

Өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел іс қимылдарының арқасында көршілес жиһаз цехына және техникалық қызмет көрсету станциясына оттың таралуына жол берілген жоқ, — деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметінен.