Жыл басынан бері Қазақстанда есірткі қатарына жататын «трамадол» дәрісін үйінде сақтаған үш адам қамалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, бұл үш адамнан жалпы саны 2500 таблетка тәркіленген. Полиция бұндай әрекетке барған адамдар қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотталуы мүмкін екенін ескертеді.
«Қазақстан дәріханалар арасындағы нашақорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында 2023 жылы «трамадол» дәрісін есірткі заттарының тізіміне енген. Бұған дейін «трамадол» дәрісі ел бойынша сегіз мыңға жуық дәріханада сатылған еді. Енді бұл дәрілер тек тиісті лицензиясы бар дәріханаларда ғана сатылады», - дейді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басқармасы бастығының орынбасары Айбек Брыков.