$543.24 €619.89 ₽6.78
×

Алматыда мас бұзақылар СОБР қызметкерлеріне шабуыл жасады

AstanaTV
24.02.2025ж. 13:57
Алматыда мас бұзақылар СОБР қызметкерлеріне шабуыл жасады

Алматыда мас күйдегі бір топ ер адам қала көшелерінің бірінде жанжал туғызды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Желідегі ақпарға сүйенсек, оқиға Назарбаев даңғылында сағат 05:00 шамасында болған.

"СОБР-дің кезекшіліктегі үш қызметкеріне үш ер адам шабуыл жасады, олар мас күйде болды... ...Агрессияға қарамастан, СОБР қызметкерлері жоғары кәсіби шеберлік пен жауапкершілікті көрсете отырып, физикалық күш қолданбады...",- деді желіде тараған бейненің авторы.