$502.89 €527.03 ₽5.71
×

Футзалдан Чемпиондар лигасында "Қайраттың" қарсыластары белгілі болды

AstanaTV
24.02.2025ж. 18:35
54
Футзалдан Чемпиондар лигасында "Қайраттың" қарсыластары белгілі болды

УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалдық жеребесі тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Төрттік финалы” аталып кеткен бәсекеге элиталық кезеңнен үздік шыққан төрт команда қатысады. Бұл жарысқа қазақстандық клубтардан алматылық “Қайрат” пен “Семей” командалары қатысқан еді. Нәтижесінде “Қайрат” финалдық кезеңге жолдама алса, “Семей” топтан екінші орынмен жарысты аяқтады.

Сонымен жеребеде тарту рәсімінде қазақстандық командаға жартылай финалда “Картахена” қарсылас атанды. Испандық клуб бұл додаға алғаш рет қатысуда. Қазір “Картахена” Испания чемпионатында 7-орында келеді.

Екінші жартылай финалда тағы бір испандық клуб “Пальма” мен португалдық “Спортинг” клубтары ойнайды. Соңғы екі Чемпиондар лигасын “Пальма” командасы жеңген еді. Португалдықтар да бұл турнирде екі рет чемпион атанған. Сондай-ақ бес рет финалда жеңілген және бір рет үшінші орын еншілеген.

“Қайрат” футзал клубы Чемпиондар лигасын 2012/2013 және 2014/2015 жылдары екі рет ұтқан еді. Қазақстан Кубогын 19 рет, ішкі біріншілікте 20 рет чемпион атанды.

Айта кетейік, УЕФА Чемпиондар лигасының “Төрттік финалы” 2-4 мамыр аралығында Францияның Ле-Ман қаласында өтеді. Жарыстың жартылай финалы 2 мамырда, ал финал мен үшінші орын үшін матчтар 4 мамырда “Антарес Арена” спорт кешенінде болады.