$502.89 €527.03 ₽5.71
×

Халықаралық робототехника жарысы өтті

AstanaTV
24.02.2025ж. 16:40
169
Халықаралық робототехника жарысы өтті

Алматы қаласында 1-11 (12) сынып оқушылары арасында «First Robotics Almaty Tech Cup 2025 – Central Asia FIRST Championship» халықаралық робототехника жарысы өтті. Жарысқа Әзірбайжан, Монғолия, Қырғызстан, Тәжікстан, Үндістан, Түрікменстан, Өзбекстан, БАӘ, Сауд Арабиясы сияқты елдерден және Қазақстанның барлық аймақтарында өткен кездесулерде топ жарып алға шыққан ең мықты командалар қатысты. Қатысушылар саны 3000-нан асып жығылды. 

«Су ресурстары мен суасты әлемін зерттеудің жаһандық мәселесі» тақырыбына арналған жарысқа Қарағанды облысының «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатынан 4 команда қатысты. 

«FIRST LEGO League Challenge» санаты бойынша «M2T» командасы «Autonomous genius award» номинациясына ие болса, «Rasslexx» командасы бас жүлдені ұтып, АҚШ-тың Техас штаты Хьюстон қаласында өтетін әлемдік кезеңге жолдама алды. 

«FIRST Tech Challenge» санатындағы FTC роботтарының жарыстары өте тартысты өтті. Қуанышымызға орай, мектебіміздің тәжірибелі «Jeltoqsun» командасы екі бірдей «Inspire award» және «Winning alliance partner award» номинацияларымен қоса Бас жүлдені жеңіп алып АҚШ-тың Техас штаты Хьюстон қаласында өтетін әлемдік кезеңге жолдама алды.

«Jeltoqsun» командасы:

Бейбіт Нұрали

Бахытов Айдар

Ермеков Акбар

Дамир Мағжан

Есен Ернияз 

Жақып Нариман 

Огай Руслан 

Әлімбет Дидар 

Батырбекова Каусар 

Анирова Алина 

Усабаева Наргиз 

Мұхамеджанова Айым

Сарсембаев Санжар 

Кушумбаева Амина

Сонымен қатар, жоғары нәтиже көрсеткені үшін мектебіміз «Recognition award» номинациясымен марапатталып, екі оқушымыз Огай Руслан мен Анирова Алина КБТУ университетіне төрт жылдық грант иеленді. 

«Jeltoqsun» командасының капитаны Ермеков Акбар АҚШ жоғары оқу орнына берілетін оқу грантына дүниежүзі бойынша іріктелген 20 үміткердің қатарынан орын алғанын мақтан етеміз. 

Оқушыларымыз 3000нан аса оқушы қатысқан халықаралық додада керемет жетістіктерімен мектебіміздің ғана емес, сонымен қатар облысымыздың да абыройын асқақтатты. 

Оқушыларымызға тәлім-тәрбие берген жетекшілері Қазығұлов Бердібек пен Шәкәрім Жанәділге, қолдау көрсеткен ата-аналарымыз бен облысымыздың білім басқармасына алғысымызды білдіреміз.