$502.89 €527.03 ₽5.71
×

Қызылордада полицейлер айналымнан алынған қаруды жойды

AstanaTV
24.02.2025ж. 21:53
70
Қызылордада полицейлер айналымнан алынған қаруды жойды

Қызылорда облысының полицейлері азаматтардан тәркіленген, ерікті түрде тапсырылған және тауып алынған қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді жою бойынша арнайы акция ұйымдастырды.

Бұл шара қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заңсыз қару айналымының алдын алу мақсатында өткізілді. Қару-жарақты жоюға байланысты арнайы техникалық комиссия құрылып, оның құрамына Қызылорда облысы полиция департаментінің тиісті сала мамандары енгізілді.

Жыл бойы тәркіленген, табылған және ерікті түрде тапсырылған 423 дана қару полиция департаментіне өткізілді. Олардың ішінде 11 ойық ұңғылы, 353 тегіс ұңғылы, 11 механизм және 48 газды-травматикалық қару бар.

Жойылуға жататын қарулар арнайы жарамсыздандыру шараларынан өткізіліп, кейіннен әскери және арнайы жабдықтау базасына жөнелтілді. Бұл бастама қоғамдағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға және заңсыз қару айналымының алдын алуға бағытталған маңызды қадам болды.