Өнеге ауылының маңындағы Казталовка – Жәнібек тас жолында ауыр жол апаты болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ford Focus көлігі Chevrolet Cobalt-пен бетпе-бет соқтығысқан.
"Апаттан бірер минут бұрын Ford Focus жүргізушісі алдындағы жүк көлігін басып озуға тырысып, қарсы жолаққа шыққан. Екі жүргізуші де, сондай-ақ Chevrolet Cobalt-тағы жолаушы да қаза тапты. Марқұмдар 22, 34 және 37 жаста болған", – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Тағы төрт ер адам БҚО-дағы Жәнібек ауданының ауруханасына жеткізілді, олардың біреуінің жағдайы ауыр. Дәрігерлер қалған үш ер адамның жағдайын орташа ауыр деп бағалайды. Олар хирургия бөліміне орналастырылды.