$502.89 €527.03 ₽5.71
×

«Кемелдену жолындағы 5 қадам» ата-аналар форумы өтті

24.02.2025ж. 20:00
107
«Кемелдену жолындағы 5 қадам» ата-аналар форумы өтті

Астанада «Кемелдену жолындағы 5 қадам» деген атаумен республикалық ата-аналар форумы өтті. Әр өңірден 400-ге жуық адам қатысты. Ата-аналар мен ұстаздар бас қосқан жиында бала тәрбесіндегі өзекті мәселелер қозғалды. Қатысушылар өздерін алаңдатқан тақырыптарды ортаға салып, қауіпті іс-әрекетті алдын алудың түрлі жолдарын ұсынды. Ал форумға қатысқан оқушылар өздері ойлап тапқан жобаларын таныстырды.

ДАРХАН ӨТЕ, «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ ПРЕЗИДЕНТІ:

Ата-аналар бұл тәрбие бағдарламасындағы рөлі қандай, олар балалдардың, құндықтарды бойына сіңіру мақсатында қаншалықты рөлі бар, оларға түскен жауапкершілік не, ұстаздарға түскен жауапкершілік не, біз осыны әр аймақтың ата-аналар төрайымдары, төрағалары, белсенді ата-аналар, коучтар, психологтар, мықты ұстаздар, оқушылар жиналып өздерінің ұсыныстарымен келіп отыр.