$502.89 €527.03 ₽5.71
×

Елордада көлікті мас күйде басқарған 25 жүргізуші ұсталды

24.02.2025ж. 20:00
110
Елордада көлікті мас күйде басқарған 25 жүргізуші ұсталды

Елордада көлікті мас күйде басқарған 25 жүргізуші ұсталды. Бұл - бір аптадағы көрсеткіш. Бұдан бөлек, қоғамдық орындарда адамдардың мазасын алған 58 такси жүргізушісі және тіркеуден өтпеген көлік құралын басқарған 47 азамат анықталған. Сондай-ақ, маневр жасау ережесін бұзған 162 көлік иесі мен жүргізу құқығы жоқ болса да көлік басқарған 55 адам ұсталды.

ЕРЖАН ӘДІЛБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Жол жөндеу, теміржол өткелдерін және басқа да жол инфрақұрылымдарын ұстау талаптарын бұзғаны үшін 23 ұйым, алдын ала рейстік және медициналық тексеруден өтпеген такси көліктерін шығарғаны үшін 10 такси компаниясының жауапты тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды

ЖОЛ-КӨЛІК ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАНДАР:

Қоғамдық орындарда адамдардың мазасын алған - 58 такси жүргізушісі.
Тіркеуден өтпеген көлік құралын басқарған - 47 адам.
Маневр жасау ережелерін бұзған - 162 жүргізуші.
Жүргізу құқығы жоқ болса да көлік басқарған - 55 адам.