Университет мүліктері қайтарыла ма? Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университетінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық кеңестің отырысы өтті. Онда 2000-жылдары университетке тиесілі жатақханалар, оқу корпустары және жер телімдерінің жекеменшікке өтіп кетуі мәселесі қаралды. Кеңес мүшелерінің айтуынша, 3 жатақхана, 5 ірі корпус және 6 гектар жер телімі заңсыз жекешелендірілген. Университет профессорлары мен құқық қорғау органдары бұл нысандарды мемлекет меншігіне қайтару мәселесімен 2 жылдан бері айналысып жатыр.
ЕРЛАН САИРОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Енді мынау 2000-жылдардың басында осы Алматы Аграрлық университетінде мемлекеттің меншігін сонымен бірге осы университеттің меншігін талан таражға салудың үлкен бір көрсеткіші болған. Енді бұның артында сол кездегі клиптократиялық режимнің коррупциялық протекциялық жаңағы мынау әртүрлі әдістер мен тәсілдері болғандығы анық.
«AMANAT» партиясының мүшелері бұл мәселені бақылауда ұстайды. Себебі бұл жағдай студенттерге ғана әсер етіп қоймай, ғалымдардың жұмысына да қауіп төндіреді. Бұл өз кезегінде еліміздегі ғылыми зерттеулер мен инновацияның дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін, - дейді партия өкілдері.
ДИДАР СМАҒҰЛОВ, ЗАҢГЕР:
Қазір осы ғимараттарды тартып алған мүліктерді тартып алған азаматтардың ақшасы жетеді. Таныстары жетеді және де жауапкершіліктен қашу мүмкіндігі өте жоғары. Сондықтан оларды болдырмау үшін біз қазір партиялық бақылауды ұйымдастырып, нақты кім деп жауапкершілікке тартылады деп айтудың қажеті жоқ. Қанша адам? Нәтижесінде қанша адам жауапкершілікке тартылады сотпен біз оны салыстырамыз.