$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Жыл басынан бері «трамадолды» заңсыз сақтаған үш адам қамауға алынды

24.02.2025ж. 20:00
179
Жыл басынан бері «трамадолды» заңсыз сақтаған үш адам қамауға алынды

«Трамадол» психатропты препарат елімізде есірткі қатарына енгізіліп дәрігер нұсқаулығынсыз сатуға тыйым салынған. Дегенмен оның жасырын таралуы әлі де алаңдатушылық туғызуда. Жыл басынан бері оны заңсыз сақтаған 3 адам қамауға алынды. Олар препаратты қайдан алды? Дәріханалардан оны кез келген адам сатып алуына бола ма? Әріптесім айтады.

АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Трамадол тек арнайы лицензиясы бар дәріханаларда сатылуы керек. Бүгін қаладағы бірнеше дәріханаға барып аталған препаратты сатып алуға тырысатын боламыз. Экспериментімізді бастаймыз.

Екінші кірген дәріханада препарат бар болғандықтан барынша алуға тырыстым, фармацевт нұсқаулықсыз сатса заң алдында жауапкершілікке тартыламын деп шырылдады. Күдерімді үзбей басқа дәріханаларға бардым.

Трамадол іздеп 5 дәріханаға бардым. Біразы мүлдем сатпаса енді бірі дәрігердің нұсқаулығын сұрады. Препаратты емін-еркін сатылмайтыны әрине қуантады. Дегенмен оны үйде сақтап, сататындар азаймай тұр. Жыл басынан бері «трамадолды» заңсыз сақтаған үш адам қамауға алынды.

АЙБЕК БРЫКОВ, ҚР ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КОМИТЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Олардан 2500-ден аса таблетка тәркіленді. Медицинада қолданылатын психотроп заттар мен есірткілерді рецептсіз сату Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен қаралып, есірткіні заңсыз өткізу болып саналатынын ескертеміз

Трамадолдың -құрамында психотропты заттар бар еліткіш дәрі. Бүгінде оны тек онкологияға шалдыққан жандардың ауырсынусын басу үшін қолданады.

ӘДІЛБЕК НӘДІРБЕКОВ, ПРОВИЗОР:

Қатты ауырады ғой организмдері соған назначение береді тек дәрігердің тағайындауымен беріледі. Ауруды басады. Жағдайын сәйкестендіреді, тыныштандырады.

Ішкі істер министрлігі дәріханалар мен фармацевтикалық компаниялардың басшыларына қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтау қажет екенін еске салады. Айта кетейік, бұл үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.