$502.89 €527.03 ₽5.71
×

208 мың тұрғыны бар 146 елдімекен ауыз сумен қамтылады

24.02.2025ж. 20:00
108
208 мың тұрғыны бар 146 елдімекен ауыз сумен қамтылады

Биыл 208 мыңнан аса тұрғыны бар 146 елдімекен ауызсумен қамтылады. Су ресурстары және ирригация министрлігі 8 жобаны аяқтауды жоспарлап отыр. 536 шақырым су құбыры салынады. Қазір Ақмола облысының бірнеше ауылында жұмыс басталып кеткен. Қызылорда мен Солтүстік Қазақстан өңірінде де реконструкциялау жүріп жатыр.

БҰЛАН ТҰРЛЫБЕКОВ, ҚР СРИМ ТОПТЫҚ СУ ҚҰБЫРЛАРЫН ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Ақмола облысында Красная поляна, Петриковка және Арбузинка ауылдарында топтық су құбыры салып жатыр. Қызылорда облысында Байқожа топтық су құбыры реконструкциядан өтуде. Сондай-ақ, Арал ауданында Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырына қосылатын Қосаман-Ақбасты желісін салу және Ақбасты елді мекенін орталықтандырылған су жүйесіне қосу жобасы іске асырылуда.