$502.89 €527.03 ₽5.71
×

Астанада «SUPER CUP» cпорттық жарысы өтті

24.02.2025ж. 20:00
232
Астанада «SUPER CUP» cпорттық жарысы өтті

Астанада «SUPER CUP» cпорттық жарысы өтті. Байқау «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының 15 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері футзал, волейбол, тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық сияқты спорт түрлерінен бақ сынады. Жарысқа 200-ге жуық адам қатысты. Жеңімпаз және жүлдегер командалар арнайы кубок, медаль және дипломдармен марапатталды.

ҒАЛИЯ ЫСҚАҚОВА, «ӨРКЕН» БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біздің орталықтың қызметі әдістемелік сүйемелдеу және педагогтарды аттестаттаумен ғана шектелмейді. Сонымен қатар спорттық іс-шараларды, түрлі байқауларды ұйымдастырамыз. 15 жылда жеткен жетістіктеріміз өте көп. Орталығымыз үздік қосымша білім беретін ұйым ретінде қала әкімінің грантына ие болды.