$502.89 €527.03 ₽5.71
×

Қазақстан Суперкубогының жеңімпазы анықталды

24.02.2025ж. 20:00
75
Қазақстан Суперкубогының жеңімпазы анықталды

Қазақстан суперкубогының иегері анықталды. "Қайрат" пен "Ақтөбе" арасындағы финалда алматылық команда 58-ші минутта есеп ашты. Еркін Тапалов қызыл қағаз алып, Қайрат 10 ойыншымен қалғанына қарамастан 87-ші минутта есепті еселеді. Жақында ғана "Челси" сатып алған Дастан Сәтпаев 69-шы минутта алаңға шығып, қалың жанкүйердің ыстық ықыласына бөленді. Ойын қорытындысы бойынша Алматылық "Қайрат" 2 де 0 есебімен жеңіске жетті. Көпшіліктің футболды сағынғаны сезілді. Стадионға 24 мыңнан астам жанкүйер жиналды.
Тұңғыш клубына жақында ғана ауысып келген Неймар бұрыштамадан керемет гол соғып, Сантосқа жеңіс сыйлады. "Интер Лимейраға" қарсы кездесуде танымал шабуылшы 27-ші минутта бұрыштамадан қақпаға тікелей соққы жасап, гол салды. Оған қоса 2 голдық пас берді. Матчта 3-0 есебімен Сантос клубы жеңіске жетті.
Неймардың досы Лионель Мессиден қолтаңба алған төреші жазаланды. "Канзас-Сити" мен "Интер Майами" арасындағы ойын аяқталған соң бас төреші Марко Ортис өзінің отбасы үшін аргентиналық Мессиден қолтаңба сұраған. Кейін төрешінің бұл әрекеті конфедерация матчтарындағы ресми тұлағаларға қатысты кодекске сай келмейтіні анықталды. Қатесін мойындаған Марко Ортис кешірім сұрап, тәртіптік жазаға тартылды.
Италияда матч кезінде ойыншы ауыр соққыдан есін жоғалтты. Фиорентина шабуылшысы Мойзе Кин "Веронаға" қарсы кездесудің 58-ші минутында қарсылас тізесінен басына соққы алған. Медициналық штаб көмегімен ойынды жалғасырса да, 64-ші минутта ес-түссіз көгалға құлады. Қазір ойыншының жағдайы жақсарған соң аруханадан шығарылды.
Матч кезіндегі бас жарақатын хоккей комментаторы да алды. "Баффало" мен "Рейнджерс" арасындағы кездесуде Уилл Борген шайбаны борт шетіне лақтырмақ болған. Ұшқан шайба борт жиегінде отырған журналист Роб Рэйдің бетін тіліп жіберді. 56 жастағы Рэйдің беті терең кесіліп, медициналық көмек көрсетілді.
Өзбекстандық суретші Манчестер Ситиді таңғалдырды. Шохрух Сүйінов аяқтары мен қолдарын пайдаланып, бір уақытта 9 портет салды. Суретте ман сити бапкері Гвардиола мен ойыншылар Фоден, Диаш, Холланд, Де Брюине, Мармуш, Грилиш, Доку мен Шохрухтың отандасы Хусанов бейнеленген. Қылқалам шеберінің өнерін ағылшындық клуб бағалап, инстаграм парақшасында бөлісті.