Қостанай облысында 15 жылда алғаш рет ботулизмнің үш жағдайы тіркелді. Олардың бірі кісі өліміне әкеліп соқтырды. Барлық науқастар үйдегі өздері жапқан банкі өнімінен уланған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Alau.kz басылымы Түркістан облысының үш тұрғыны Рудный ауруханасына келіп түскенін жазады.
Ер адамдарға ботулизм диагнозы қойылды, науқастардың бірін құтқару мүмкін болмады. Зертханалық зерттеулер ағзада улы зат ретінде әрекет ететін ботулотоксин токсинінің барын растады. Ер адамдар үйден әкелген банкідегі қиярдан уланған. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бұл аймақтағы 15 жылдан астам уақыт ішінде ботулизмнің тіркелген алғашқы жағдайы екенін және оның өткен жылдың желтоқсанында анықталғанын айтты.
"Зерттеу нәтижелері бойынша өнім қалдықтарынан ботулотоксин табылды. Ауру тамақ өнімдерін тұтыну кезінде пайда болады, көбінесе бұл - тамақ дайындау технологиясы бұзылған, сақтау шарттары бұзылған консервіленген өнімдер. Негізінен, қалбырдағы саңырауқұлақтар, бұршақ, шпинат және басқа да тағамдар. Сол секілді кептірілген балықты, тұздалған балықты, сондай-ақ ет өнімдерін тұтыну кезінде болуы мүмкін", - деді Қостанай облысы санэпидбақылау департаменті басшысының орынбасары Зәуре Елшібаева.
Сарапшы инфекция көзі – басқа өңірден әкелінген банкідегі қияр екенін атап өтті. Сондықтан жергілікті тұрғындарда ботулотоксиннің таралуына қатысты алаңдаушылық болмауы керек. Ботулизмнің алдын алудың негізгі әдісі, санитарлық дәрігерлердің айтуынша, зарарсыздандыру ережелері мен консервілеу технологиясын сақтау, өнімдерді мұқият термиялық өңдеу, сақтау мерзімі мен шарттарын ұстану. Егер консервілер ісінген немесе жағымсыз иіс болса, оларды қолданбаған дұрыс.
"Консервілерді қолданар алдында 20-25 минут қайнатыңыз. Әрине, жол бойындағы белгіленбеген сауда орындарында, рұқсат етілмеген сауда объектілерінде, үйде дайындалған өнімдерді сатып алмау керек", – деп кеңес береді Зәуре Елшібаева.
Ботулизмді бас айналу, әлсіздік, заттың екеу болып көрінуі, бір қабақтың түсіп кетуі секілді белгілері бар. Алғашқы белгілер бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін жүруі мүмкін. Бұл жағдайда дәрігерлер дереу медициналық көмекке жүгінуді ұсынады, өйткені антидот-емдік сарысуды уақтылы енгізу шарт.