$502.89 €527.03 ₽5.71
×

Оралда автобустың екі жолаушысы сөзге келіп, артынша төбелесіп кетті

AstanaTV
25.02.2025ж. 09:25
43
Оралда автобустың екі жолаушысы сөзге келіп, артынша төбелесіп кетті
Фото: Видеодан скрин

Оралда автобуста екі жолаушының бірін-бірі аямай ұрған сәтінен видео тарады. Оқиғаға қатысты облыстық полиция түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видеода екі жас жігіттің сөзге келіп, артынша бірін-бірі аямай ұрып жатқанын байқауға болады.

«2025 жылдың 24 ақпанында 102 операторына №22 қоғамдық автобуста төбелес болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Куәгерлердің айтуынша, автобус ішінде белгісіз екі жолаушы жанжал шығарған.

Полицейлер оқиға орнына жеткенде төбелескен жастар түрлі аялдамадан түсіп кеткені анықталды. Қазіргі уақытта төбелескендердің кім екені анықталды.

Бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген БҚО ПД хабарламасында.