$502.89 €527.03 ₽5.71
×

Елде сурдомаманға грант көп, бірақ оқып жатқан студент аз

AstanaTV
25.02.2025ж. 12:14
82
Елде сурдомаманға грант көп, бірақ оқып жатқан студент аз
фото: АиФ

Сурдомаманға бөлінетін грант көп, бірақ оқып жатқан студент аз. Мамандар неге жетіспейді деген сауалға министрлік осылай дейді. Қазақстанда сурдопедагогика бағдарламасы бойынша 129 студент білім алады,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. 

Айта кетейік, жаңалықтарымыздың бірінде сурдомамандардың тапшылығын айтып, Өскеменде екі тілде сабақ беретін сурдопедогог жалғыз екенін көрсеттік. Ғылым және жоғары білім министрлігінің дерегінше, былтыр елде 67 студент осы салада білім алып, оқу бітірген. Ал қазір студенттер саны – 129. Жыл сайын 400-ге жуық грант бөлінеді. Болашақ мамандарды 3 түрлі университет даярлап жатыр. Салада мамандық бойынша жұмысқа орналастыру көрсеткіші – 73 пайыз. Министрліктің хабарлауынша, 2024 жылы халықаралық тәжірибеге негізделген инклюзивті білім берудің заманауи моделі әзірленген. Модель бойынша 500 педагог оқытылған. Сондай-ақ Алматыдағы университте 80 сағат көлемінде «сурдоаударма және ымдау тілдері бойынша курс» өткізіледі.