Сейсенбі күні Оңтүстік Кореяның Чхонан қаласында көлік магистралі құрылысы алаңында көпір опырылып құлады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Биліктің хабарлауынша, көпірдің опырылуы салдарынан екі жұмысшы қаза тауып, жетеуі жарақат алған.
Оқиға жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 9:50-де Сеулден оңтүстікке қарай 80 шақырымдай жерде орналасқан қалада Сеул-Седжон көлік магистралі учаскесін салу кезінде болған.
Көпірді ұстап тұрған 50 метрлік бес болат арқалық жұмысшылар кранмен тіректердің арасын жылжытқан кезде бірінен соң бірі құлай бастады.
Оқиға кезінде зардап шеккендер көпірдің астында болған.
Ұлттық өрт сөндіру агенттігінің хабарлауынша, құтқарушыларға адамдарды іздеуге бұйрық берілді.