WhatsApp месенджерінде Антикор 1424 чат-боты іске қосылды. Мұнда бұқара бармақ басты, көз қысты жағдайларды хабарлай алады. Ол үшін 8 777 000 1424 нөміріне жазу жеткілікті.
Сондай-ақ қолданушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес ала алады. Бұл жайлы Антикордың баспасөз қызметі мәлімдеді. Олар осылайша жең ұшынан жалғасқан жемқорлық жағдайларын азайтуға ниетті.
Айтайық, заңсыз әрекетті әшкере еткендерге 15,7 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі. Ал жала жауып, жалған дақпырт таратқандар үшін қылмыстық жауапкершілік қаралған,-деп хабарлайды 24.kz.