Starbucks 1100 корпоративтік қызметкерін жұмыстан қысқартады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Әлем бойынша 350 мыңнан астам бариста қызмет ететін Starbucks компаниясы корпоративтік құрылымын оңтайландыру мақсатында 1100 қызметкерін қысқартатынын мәлімдеді. Бұл шешім компанияның жаңа төрағасы және бас директоры Брайан Николлдың басқару стратегиясының бір бөлігі.
Дүйсенбі күні қызметкерлерге жолдаған хатында Николл жұмыстан босатылатындарға сейсенбі күні түске дейін хабар берілетінін айтты.
- Біздің мақсатымыз – жұмыс тиімділігін арттыру, жауапкершілікті күшейту, құрылымдық күрделілікті азайту және жақсы интеграцияны қамтамасыз ету, деп жазды Николл.
Қазіргі уақытта Starbucks-та 16 мыңға жуық корпоративтік қызметкер жұмыс істейді. Бұған қысқартуға жатпайтын кейбір өндіріс қызметкерлері, соның ішінде кофе өңдеу және қойма қызметкерлері де кіреді. Дегенмен, бұл өзгеріс негізгі қызметкерлер – 361 мың баристаға қатысы жоқ.