$498.69 €522.23 ₽5.79
×

БҚО-да шекарашы жантүршігерлік жол апатында қаза тапты

AstanaTV
25.02.2025ж. 21:12
71
БҚО-да шекарашы жантүршігерлік жол апатында қаза тапты
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданына қарасты Өнеге ауылы маңында Казталовка - Өнеге - Жәнібек тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтер бойынша Ford Focus жүргізушісі жүк көлігін басып озу кезінде қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, Chevrolet Cobalt көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, Ford Focus көлігінің төрт жолаушысы жарақат алды.

Қаза тапқандардың бірі шекара қызметінің қызметкері екені анықталды.

"Қазір полиция алдын ала тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. Ресми ақпарат әлі жарияланған жоқ. Шекара қызметі қызметтік тексеріс бастады", - деп мәлімдеді ҰҚКД Шекара қызметі өкілі.