$498.69 €522.23 ₽5.79
×

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Үкіметінің басшысын қабылдады

25.02.2025ж. 20:00
109
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Үкіметінің басшысын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиевті қабылдады. Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті жан-жақты тереңдету мәселелерін талқылады. Президент Үкіметке жүктелген басты міндеттердің бірі - қол жеткізген уағдаластықтардың толықтай жүзеге асырылуын бақылау екенін жеткізді. Атап айтқанда, тауар айналымының көлемін ұлғайту үшін жаңа мүмкіндіктер іздеу, қазақ-қырғыз шекарасындағы Индустриалды сауда-логистикалық кешенді жедел іске қосу және көлік-транзит байланысы үшін қолайлы жағдай жасау.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Құрметті Адылбек Алешович, ең алдымен Астанаға қош келдіңіз деп айтқым келеді! Біз сізді жақсы білеміз, тәжірибелі қаржыгер, экономист ретінде танимыз. Бұл сапардың маңызы ерекше деп айтуға болады. Бұл сіздің Премьер-министр ретінде тұңғыш сапарыңыз. Біздің екі ел арасындағы қарым-қатынасқа үлкен серпін береді.

АДЫЛБЕК КАСЫМАЛИЕВ, ҚЫРҒЫЗСТАН МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ – ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ:

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелович, ең алдымен Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Нұрғожоевич Жапаровтың атынан сізге және жалпы бауырлас қазақ еліне ыстық сәлемін жеткізуге рұқсат етіңіздер. Астана шаһарында, меймандос қазақ жерінде қырғыз делегациясына уақыт бөліп, қонақжайлылықпен қарсы алып жатқаныңыз үшін сізге ризашылығымды білдіремін.