$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Қызылорда облысына Сырдария өзені арқылы секундына 500 текше метрге жуық су келуде

25.02.2025ж. 20:00
297
Қызылорда облысына Сырдария өзені арқылы секундына 500 текше метрге жуық су келуде

Қызылорда облысына Сырдария өзені арқылы Шардара су қоймасынан секундына 500 текше метрге жуық су жіберіліп жатыр. Су қоймаға Орталық Азия елдерімен белсенді ынтымақтастық пен келісімдердің нәтижесінде жиналады. Жиналған су жазда ауылшаруашылық қажеттіліктеріне пайдаланылады. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасы бойынша комитет төрағасы Сейілбек Нұрымбетов Қызылорда облысының су шаруашылығы нысандарын аралады. Ол Сырдария өзенінде сең жүру барысын бақылап, көктем айларында су қабылдауға дайындық жұмыстарын тексерді. Сондай-ақ, комитет төрағасы Қызылорда су торабының жұмысымен де танысты. Нысан Қызылорда қаласы және Сырдария, Жалағаш, Қармақшы аудандары аумағындағы 120 мың гектар суармалы егістікті және 250 мың гектар шабындық пен жайылымдық жерлерді сумен қамтамасыз етеді.