Елордада «Қанаттылар» инклюзивті театры «Құстар фестивалі» музыкалық спектаклін ұсынды. Премьера "Жастар Рухы" жастар қанатының қолдауымен өтті. Қойылымның авторы – жазушы-драматург Дулат Исабеков. Режиссері – Нұрфат Вахитов. Спектакльдегі рөлдерді ерекше қажеттілігі бар жандар өте шеберлікпен сомдады. Олар әртүрлі өмірлік жағдайларға қарамастан, сахнаның сәнін кіргізіп, өнерімен көрерменді тәнті етті. Қойылым қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік және рухани құндылықтардың өзгеруі сынды өзекті мәселелерді сахна тілімен баяндайды. Сондай-ақ адамзаттың әлсіз тұстары, күш пен байлыққа негізделген қарым-қатынастар құстар бейнесі арқылы көркемдік тұрғыда жеткізілді.
АРНҰР ИСҚАҚОВ, “ ҚАНАТТЫЛАР” ИНКЛЮЗИВТІ ТЕАТРЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Бұл қойылым бір тездікті шамалы адамды басқа бір әлемге, ертегі әлеміне әкеле отыра ерекше азаматтардың проблемасын, жанайқайын күлкі арқылы мынау черный юмор деп жатады сондаймен ерекше азаматтар беріп, қойғамдағы мәселені жалпақ тілмен айтқан кезде тонко беріп жатыр. Бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек жандар олар жестовый көрсететін, көздері көрмейтін адамдар шығады. 4 ай дайындалған қойылым.