Астанада «Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен татулықтың 30 жылы» атты көрмесі ашылды. Оған 100-ден аса жәдіргер, дәстүрлі құжаттар мен фотоқұжаттар қойылды. Ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының жинағындағы материалдар негізінде Ассамблеяның қалыптасу және даму тарихын, халықтық дипломатияны, этнодіни қатынастарын дамуындағы рөлі мен маңызын, Еліміздегі ұлтаралық келісімді нығайту және қоғамды біріктіру ісіне қосқан үлесін көрсету басты мақсатымыз – дейді. Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттік ұлттық саясаттың құралы болып табылады, оның қызметі республикадағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты жүзеге асыруға, қамтамасыз етуге және этносаралық қатынастар саласындағы қоғамның мемлекеттік және азаматтық институттарының өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған.
БОТАГӨЗ ҚАЙЫПОВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІК ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бұл біздің жасампаздық парадигмамыздың қалыптастыру алаңы. Қазақ халқы ғасырлар бойы өзі тәуелсіздікті аңсаған халық болып ғасырдан ғасырға өзіміздің ұлттығымызды, құндылықтырамызды, руханиятымызды дәріптеген халық. Бірақ қазақ халықының бір ерекшелігі қанашама тағдырлардың ұлт пен ұлт өкілдерінің ортақ Отаны болып қалыптасты. Бұна мақтан тқтып жастарымызға айтып отыратын нәрсе.