$498.69 €522.23 ₽5.79
×

Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы іске қосылды

25.02.2025ж. 20:00
63
Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы іске қосылды

Енді жер қойнауын пайдаланушылар кабинет кезіп, кезекте тұрмайды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бірыңғай платформаны іске қосты. Яғни өтініш беру, аукционға қатысу және лицензия алу үдерістері онлайн түрде қолжетімді. Оған қоса жер қойнауын пайдаланшуылар интерактивті карта арқылы сұраған учаскесі туралы толық мәлімет таба алады. Аталмыш жүйе геологиялық ақпаратты ашық етіп, 22 мемлекеттік қызметті онлайн алуға мүмкіндік береді.

ЖӘННАТ ДҮБІРОВА, ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Платформа биыл 1 қаңтардан бастап іске қосылды. Осы уақытта 506 өтініш өңделді. Жаңа цифрлық жүйе Қазақстандағы пайдалы қазбаларды барлау және өндіру саласын дамытып, инвестиция тартуды арттыруға бағытталған. Платформада барлық геологиялық есептердің реестрі орналасқан. 60 мыңнан астам есеп онлайн түрде тегін қолжетімді.