Ақмола облысында су тасқыны қаупі бар 144 елдімекенде апаттың алдын алу шаралары толық аяқталды. Елорда маңындағы ауылдардағы жұмыстарды Қанат Бозымбаев тексерді. Вице-Премьер Жібек Жолы, Тайтөбе ауылдары мен Қосшы қаласында болып, алдағы қауіпсіздік үшін қажетті техника мен жеке құрамды дайындауды тапсырды. Облыста 107 шақырым су бұру каналдары жабдықталып, 38 шақырым өзен арналары тазартылды. Сондай-ақ 131 шақырым бөгет нығайтылып, 21 километрден астам жаңа үйінділер тұрғызылды.