$498.69 €522.23 ₽5.79
×

Ақтөбеде қарттар мен мүгедектер үйінде оншақты адам сырқаттанып қалды

25.02.2025ж. 20:00
64
Ақтөбеде қарттар мен мүгедектер үйінде оншақты адам сырқаттанып қалды

Ақтөбедегі қарттар мен мүгедектер үйінен шу шықты. Онда кешкі астан кейін он шақты адам өзін жайсыз сезінген көрінеді. туралы әлеуметтік желіде ақпарат тарады. Орталық тұрғынының айтуынша, «Бейсенбі күні кешкі асқа консерві, бәліш және тауық етін жеген, содан соң ауырған. "Мен өзім күні бойы раковинаның алдында отырдым" дейді ол. Өзінен бөлек тағы бірнеше адамның астан ұшынып, ауырып жатқанын, және оларға көмек қажет екенін айтады. Бірақ орталықтың директоры бұл ақпаратты жоққа шығарды. Сөзінше, тұрғындар жұқпалы вирусқа шалдыққан көрінеді.

АСЫЛБЕК МҰХАМБЕТҚАЛИ, №1 ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Тұрғындарымыздың бір оншақты адамның ішінде екі, үш адамнан ауырды. Бір екі адамнан ауырды. Қызу көтерілді. Іштері өту фактілері болды. Ол енді біздің врачтарымыз тексеріп ротавирусный инфекция деп диагноз қойып отыр. Қазіргі таңда өзіміз емдеп, бәрін жағдай қалыпты.