Қызылжарда әйел өз жолдасын пышақтап өлтірді. Ерлі-зайыптылар жанжалдасып, артынша ашу-ызаға булыққан 46 жастағы әйел ер адамның кеуде тұсына пышақ сұққан. Ізінше жедел жәрдем шақыртқан. Алайда, ауыр жарақаттың салдарынан жәбірленуші көз жұмды. Қазір полиция істі тергеп жатыр.
НҰРБЕК БАЕКИН, СҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті әйел Петропавл уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.