$498.69 €522.23 ₽5.79
×

Атырауда қып-қызыл жарнамаға сенген ата-аналар жекенменшік мектепке берген миллиондарын қайтара алмай жүр

25.02.2025ж. 20:00
61
Атырауда  қып-қызыл жарнамаға сенген  ата-аналар жекенменшік мектепке берген миллиондарын қайтара алмай жүр

Атырауда қып-қызыл жарнамаға сенген ата-аналар жекенменшік мектепке берген миллиондарын қайтара алмай жүр. Еліміздегі үздік ұстаздарды жинап, сапалы білім береміз деген уәдесін орындамады,- дейді олар. Жүздеген атыраулық жыл ортасында баласын өзге мектепке ауыстыруға мәжбүр болды. Қыркүйекте ашылған мектеп неге жарты жылда жабылды? Тілшіміз жалғастарады.

Жарнамасы жер жарған Летс мектебі ана-аналарға соңғы үлгіде жабдықталған заманауи ғимаратта білікті ұстаздардың көмегімен баланың білімін ілгерілетіміз деп уәдені үйіп-төккен. Бұдан бөлек күні бойына қолдарына телефон ұстатпай, түрлі үйірмелер, оқушыны тасымалдау, түскі ас осы соманың ішіне кіреді деп қызықтырып қойған.

ҚАЙРАТ ӘЛЕНОВ, АТА-АНА:

Екі бала бердім. Мен 2 млн теңге төледім. Сосын қыркүйек, қазан, қарашада оператор қыздары телефон соға бастады. Аға, келесі жылға тағы 2 балаға ақша төлейтін болсаңыз, 700 мыңнан скидка бар,соған нағыласыз, алдын-ала төлеп тастайсыз ба деп. Соған сеніп, ақша беріп тастаған ата аналар бар. Яғни 2025 жылдың сентябрьне оқытамыз деген.

Ата-аналар желтоқсанда балалар мектепке барғаны болмаса, сабақ мүлдем өтпеді дейді. Жалақы бермеген соң мұғалімдер жұмыстан шығып кеткен. Бірақ мектеп басшылығы жарнамамен әрі қарай оқушы жинай берген. Үшінші тоқсаннан бастап басқа мектептен ауысып келгендер бар. Басқаны былай қойғанда, балалар кітапты өздері сатып алып оқыған.

НАЗИРА ТАЙЫРОВА, АТА-АНА:

Балаларамыз айтады бүгін сабақ болған жоқ деп. Сосын біз ата-аналар чатына соған жаздық. Бәріміз келдік мектепке 22сі күні. Келсек, адам жоқ, директорды шақырдық, ол қашқақтап келген жоқ. завуч сосын айтты, балаларыңызды алып кетіңіздер, сабақ болып жатқан жоқ деп. Ата аналар тарапынан комиссия құрдық.

Амалы таусылған ата-аналар басқа мектеп іздеп, орналастырғанша, кейбір оқушылар апталап сабақтан қалып қойыпты. Ал жауаптылар мектеп лицензия алуға сұраныс та бермеген деп отыр. Білім сапасын бақылау департаменті мектеп әкімшілігінің заңсыз әрекеті бойынша сотқа жүгінген. Сот екі мәрте айыппұл салған. Бірақ сонда да тоқтамады,- деп отыр.

БЕРДІБЕК ТАИШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қызметін жалғастыра бергеннен кейін желтоқсан айында Атырау қаласының мамандандырылған экономикалық сотына аталған мектептің қызметін тоқтату туралы мектепті тарату туралы талап арызбен сотқа жүгінген болатынбыз. Соттың шешімі жылдың басында шығып, мектеп түбегейлі қызметін тоқтатты.

ДИНА МАҚСОТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Аталған дерек бойынша қазіргі уақытта ҚК 190-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағы, яғни «Алаяқтық» бабымен қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілУде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялануға жатпайды.

Ақшаны қайтарамын деген мектеп басшысы ата-аналардан қашып жүр. Сұқбат та бермеді. Халықты алдап соққан кәсіпкердің ісін енді полиция бақылауға алды. Айта кетейік, аймақта 2022 жылдан бері заңсыз жұмыс істеген 4 мектептің жұмысы тоқтаған.