Қытай мен Кореядан көлік әкеп сататын танымал компанияның заңсыз әрекеті анықталды. Компания мотор майын ауыстырғандардың автокөлік кепілдігін алып тастаған. Бұл туралы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады. Бұдан бөлек, компания тәуелсіз қызмет көрсету орталықтарына жүгінген көлік иелерінің де құқығын шектеген.
БЕРІК ЖАЙЖАНОВ, ҚР БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:
«Allur Auto Astana» ЖШС атына бәсекелестікті қорғау саласында заңнама талаптарының бұзылуына сәйкес кәсіпкерлік кодекстін 199 бабы бойынша хабарлама жіберілді. Хабарлама жіберуге басты себеп болған жағдай көліктерді сатып алу, сату шарттарында техникалық қызмет көрсетуді ресми дирерлік орталықтардан тыс жерде жүргізген жағдайда көлік құралының кепілдік қызметінен айырылу болып табылады.