$498.69 €522.23 ₽5.79
×

Қазақстанда 3 700-ге жуық мопед тіркелді

AstanaTV
25.02.2025ж. 19:07
79
Қазақстанда 3 700-ге жуық мопед тіркелді

Ішкі істер министрлігі қоғамда «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайту, сондай-ақ жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды белсенді жалғастыруда.

Алматыда полиция қызметкерлері мопед иелері арасында көлік құралдарын тіркеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар жол жүрісі қағидаларын сақтау қажет екендігін еске салды.

Барлық мопед иелері көліктерін 2025 жылдың 5 сәуіріне дейін тіркеуге міндетті.

Мопедті тіркеу үшін иелері тұрғылықты жері бойынша Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына (арнайы ХҚКО) жүгініп, құжаттарды ұсынып, техникалық тексеруден өтіп, сондай-ақ көлікті тіркеу, тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік нөмір алу үшін мемлекеттік баждарды төлеуі қажет.

Айтакетукерек, 5сәуірденкейінтіркелмегенмопедтердібасқаруғатыйымсалынады.Тіркелмегенмопедтердіпайдалануменбайланысты құқық бұзушылықтаранықталғанжағдайдаӘкімшілік құқық бұзушылықтуралыкодекстің590-бабының2-тармағынасәйкес10АЕКмөлшеріндеайыппұлтүріндежауапкершіліккөзделген.

 Бүгінгі таңда республика бойынша 3 700-ге жуық мопед тіркелген, оның шамамен 1 400-і Алматыда.

Полицейлер көлік құралдарының иелерін барлық қажетті рәсімдерді уақтылы орындауға және заң талаптарын сақтауға шақырады.