$498.69 €522.23 ₽5.79
×

Барлық банк несие беруден бас тартқан жігіт 15 жылда мультимиллионер атанған

AstanaTV
26.02.2025ж. 00:04
52
Барлық банк несие беруден бас тартқан жігіт 15 жылда мультимиллионер атанған
сурет: istockphoto.com

2010 жылы АҚШ-та бір жігіт 9 000 доллар несие алмақ болады. Алайда оның несие тарихы соншалықты нашар болғандықтан, банк менеджері күлкісін әрең тыйып, оның бір доллар да несие ала алмайтынын айтып, шығарып салады. Дегенмен, арада 15 жыл өткенде ол миллионерге айналады,-деп хабарлайды turkystan.kz.

Жігіт үмітін үзбей, қаржы жүйесін, несие рейтингтерін және қаржылық сауаттылықты терең зерттей бастайды. Бұл оның өмірін өзгертетін шешім болды – ол кейіннен несие тарихын қалпына келтіру бойынша қызмет көрсететін өз компаниясын ашады.

Биыл ол 42 жасқа толды, мультимиллионер. Бұл оқиға сәтсіздіктің әрдайым жаман емес екенін дәлелдейді. Кейде ең үлкен сәтсіздік – ең керемет мүмкіндікке айналады.

"Қаржы жағдайыма қатысты ең жақсы нәрсе бастапқыда мен үшін ең қорқынышты сәт болды. Жақсырақ көлік алсам деген арманым сол кезде орындалмаса да, қазір одан қаншама есе қымбат көліктердің иесі атандым." - дейді ол.