$498.69 €522.23 ₽5.79
×

Маңғыстау өңіріне қоқиқаздар ұшып келді

AstanaTV
26.02.2025ж. 06:52
59
Маңғыстау өңіріне қоқиқаздар ұшып келді
Фото: canva.com

Маңғыстау өңіріне қоқиқаздар ұшып келді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы мамандарының айтуынша, қоқиқаздардың көктемгі миграциясы басталды. Бүгінде шамамен 5 мың қоқиқаз келген.

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының ғылыми қызметкері Жасқайрат Нұрмұханбетов көктемгі миграция ақпаннан наурызға дейін жалғасатыны айтты. Ал, күзгі миграция қыркүйек пен қазан айларында болады.

Қоқиқаз – "Қызыл кітапқа" енген жыл құсы. Қанаттылар "Қарақия" көлінде шамамен 15 күн болып, ары қарай тропикалық жылы аймақтарға ұшып кетеді.