Көктемгі мерекелер қарсаңында жолаушылар ағынының артуына байланысты Ұлттық тасымалдаушы қосымша пойыздарды іске қосып, орын санын арттырады, – деп хабарлайды Astana TV.
Жалпы, Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамы кезінде жолаушыларға 58 мыңнан астам қосымша орын ұсынылады.
Халықаралық әйелдер күніне орай сұранысы жоғары бағыттарға 265 қосымша тіркеме вагоны қосылып, қала маңы пойыздарының жүру жиілігі артады:
•№6811/6812 «Астана-1-Бурабай курорты» – 7, 8, 9, 10 наурыз аралығында қатынайды (жөнелту және кері бағытта).
•№6868/6869 «Теміртау-Ақадыр» – 7, 8, 9, 10 наурыз аралығында қатынайды (жөнелту және кері бағытта).
Жалпы, пойыздарда 8 наурыз мерекесіне 18 мыңнан астам қосымша орын бөлінеді.
Наурыз мейрамы кезінде жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету мақсатында 3 пойыз қосымша жолға шығады:
•№201/202 «Астана (НЖ)-Алматы-1» – 20, 21, 23, 24 наурыз аралығында қатынайды (жөнелту және кері бағытта).
•№203/204 «Астана-1-Шымкент» – 21, 22, 24, 25 наурыз аралығында қатынайды (жөнелту және кері бағытта).
•№257/258 «Ақтөбе-Астана (НЖ)» – 16, 18, 20, 22, 23, 25 наурыз аралығында қатынайды (жөнелту және кері бағытта).
Сонымен қатар қала маңы бағыттарында қосымша электр пойыздары іске қосылады:
•№6811/6812 «Астана-1-Бурабай курорты» – 21, 22, 23, 25 наурыз аралығында қатынайды (жөнелту және кері бағытта).
•№7553/7556 «Қарағанды-Астана-1» – 21, 22, 23, 25 наурыз аралығында қатынайды (жөнелту және кері бағытта).
Наурыз мейрамы кезінде сұранысы жоғары бағыттарға 432 қосымша тіркеме вагоны қосылып, 20 мыңнан астам орын ұсынылады.