ҚР ІІМ және Қырғыз Республикасының құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылының нәтижесінде 33 жастағы азамат Бішкек қаласында ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияның мәліметінше, ол 2018 жылы Балқаш қаласында екі рет кісі өлтіргеннен кейін сот төрелігінен жасырынған.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.