$498.69 €522.23 ₽5.79
×

Кітапханаларға іс-шара өткізіп, табыс табуға мүмкіндік берілуі мүмкін

AstanaTV
26.02.2025ж. 14:20
192
Кітапханаларға іс-шара өткізіп, табыс табуға мүмкіндік берілуі мүмкін
Фото: Сыр бойы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы мәдениет және кітапхана ісін дамытуға бағытталған нормаларды қамтиды, деп хабарлайды Astana TV.

Бұл туралы Ринат Зайытов арнайы тоқталып, норманы қолдауға шақырды.

Депутат мектеп оқушыларына «Ақылман картасы» арқылы мәдени ұйымдарға бару мүмкіндігін беру, кітапхана қорын сақтау және дамыту шаралары, сондай-ақ кітапханаларда білім және мәдени іс-шаралар өткізу құқығын бекіту маңызды дейді.

Сонымен қатар, білім беру саласында бастауыш сынып оқушыларына бейімдеу бағдарламаларын әзірлеу, балабақша құрылысына арналған жер телімдерін жеке меншікке беруге тыйым салу, мемлекеттік тапсырыс негізінде оқыған мүгедек бала тәрбиелеп отырған түлектерді міндетті жұмыс өтеуден босату, сондай-ақ ЖОО-ларды топтастыру жүйесін енгізу ұсынылады, дейді Зайытов.

Қосымша түрде халықаралық ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздары және оларды дайындаған педагогтарға бір реттік төлем төлеу қарастырылған. Сонымен қоса, жеке білім беру ұйымдарына тарихи тұлғалардың есімдерін беру және қайта атау тәртібін ономастикалық комиссиямен келісу енгізілді.